Ақмола облысының әкімі болған Мәлік Мырзалин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
"Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы Ақмола облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігі басшының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген ресми құжатта.
Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин 1971 жылы дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Ғылыми дәрежесі - саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 1989 жылы бастады. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жүйесiнде, 2004 жылдың қаңтары мен 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi.
- 2006 жылдың сәуiрінен бастап - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары;
- 2007 жылдың наурызынан бастап - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары;
- 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн – "Нұр Отан" партиясының Орталық аппараты басшысы орынбасары;
- 2010 жылдың сәуiр-мамыры — "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ президентiнiң кеңесшiсi;
- 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн – Қазақстанның Президентi Iс басқармасы аппараты басшысы;
- 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн - Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы;
2013 жылдың шiлдесінде Қазақстан президентi іс басқарушысының орынбасары, 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан президентi іс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың наурызында Ақмола облысының әкімі қызметіне келді.
Сонымен бірге, Мәлік Мырзалин "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Қазақстанның спорт қайраткері. Үш баланың әкесі.