05 сәу, 2018 сағат 16:07

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын" делінген Елбасы жарлығанда.

Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

РАҚЫШЕВА Әлия Ғалымжанқызы 1980 жылы Алматы қаласында туған.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы.

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі.

2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы.

2013 жылы қаңтар айында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Орыс, ағылшын (сөздік бойынша) тілдерін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін» (2008 ж.) медалімен марапатталған.