12 сәу, 2019 сағат 10:04

ҚР Президенті Әбіш Кекілбаев музейін уақтылы аяқтауды тапсырды

Ақтау қаласындағы Достық үйінде жұртшылықпен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбаев музейінің құрылысын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі - заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев», - деді жиында Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша жазушының мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтіледі.

«Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз», - деді ҚР Президенті.