«Nur Otan» партиясы бастамашы болған «Арыс, біз біргеміз» акциясын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері зардап шеккен тұрғындарға бір күндік еңбекақыларын аударады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жиналған қаржы Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге, оның ішінде уақытша орналастыруға, аспен, киіммен қамтуға, әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталатын болады.
Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия тұрғын үйлерге, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға, қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарға тигізілген зардапты бағалайтын болады.
«Арыс қаласының тұрғындарының жағдайын бүкіл халық алаңдауда, бүкіл ел жұмылып атсалысуда. Осы ретте “Нұр Отан” партиясының Арыс тұрғындарына көмек қолын созу мақсатында қаражат жинау бастамасын қолдауға шақырамын», — деді Асқар Мамин.
Түркістан облысы Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.
Анықтама: «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері
Түркістан обласы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA