#
#
Жексенбі 09/08/2020

ҚР ІІМ дәрі-дәрмекті заңсыз әрі қымбатқа сатуға тырысатындарға ескерту жасады

  • 07.07.2020
  • 0
  • 318

Қазіргі таңда елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 17 жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен ҚР заңын бұза отырып, дәрі-дәрмекті сатуға бағытталған жедел шаралар туралы айта кеткім келеді. Аталған жұмыстың барысында халықтың дәрі-дәрмекке мұқтаждығын пайдаланған дәріхана қызметкерлері мен жекелеген азаматтардың әрекетіне тосқауыл қойылды. Қазір Қылмыстық кодекстің 274-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша 17 фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди.

Ішкі істер вице-министрі бүгін таңертең Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жария еткен фактілерді растады.

«Бұл жұмыс жауапты органдармен бірге күн сайын күшейтіледі. Өңірлердің бәрінде де тиісті жедел штабтар құрылды. Ол штабтарда қажетті құзыреттер мен ресурстар бар. Сол себепті дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға жол берілмейтінін айта отырып, оған жол бергендерге құқықтық жауапкершілік барын еске саламыз. Моральдық жауапкершілікті де ұмытпайық», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар