17 мау, 2019 сағат 15:52

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін (1999 ж.) және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірді (2003), Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (2010) тәмамдаған.

2001-2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісінің инженері болған. АҚШ және Малайзияда тәжірибеден өткен.

2004-2007 ж.ж. - Өндіріс жөніндегі менеджер (MI Drilling Fluids International компаниясының Ақтаудағы филиалының басшысы).

2007-2010 жылдары - «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың тамыз айынан бастап - ҚР Энергетика вице-министрі.