ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын "Мал дәрігері" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін "Экономика бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1989-1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары - БҚО Қазталов ауданы "Талдыапан" өндірістік кооперативінің директоры қызметін атқарды.
1998-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандарында әкім орынбасары қызметінде болып, 2013-2014 жылдары - БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.