Мемлекет басшысының Өкімімен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ал бұрын осы қызметті атқарған Данияр Айтмұхаметұлы Айтмұхаметов Мемлекет басшысының Өкімімен лауазымынан босатылды.