11 сәу, 2018 сағат 12:50

Қожамжаров xалыққа апта сайын есеп беруді тапсырды

ҚР Бас прокуратурасы апта сайын баспасөз мәслиxатын өткізіп, нақты сала бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есеп беретін болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгіннен бастап біз бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты түрде кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасайтын боламыз. Бұл алаң көптеген мәселелерді xалыққа жеткізуге көмектеседі деп сенеміз. Келесі баспасөз мәслиxаты қылмыстық атқару жүйесіндегі заңнаманың сақталуына арналады. Сол себепті аталған тақырыптың өзектілігіне байланысты барлық сұрақтарды алдын ала жіберуге болады. Бүгінде көптеген қылмыстық істер ашылып жатады, жабылып жатады. Сол себепті бірден жауап бере алмай қалуымыз мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін сұрақтарды press@prokuror.kz мекенжайына жіберуді сұраймыз",- деді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында О.Лоскутова жолаушыларды тасымалдау саласындағы тексерістердің нәтижесін жариялады.   

Оның сөзіне қарағанда, автобусты мас күйінде жүргізген адамдарды жұмысқа қайта алу оқиғалары аз емес. 

Ал Бас прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Азамат Дүйсембеков Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты тергеу туралы айтып берді.