07 қаз, 2020 сағат 14:58

Қожахметов: 7 қазандағы жағдай бойынша 74 баладан коронавирус анықталды

Биыл 2 сәуірден 7 қазан аралығында елімізде 2 551 баладан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл 2 сәуірден 7 қазан аралығында елімізде 2 551 баладан коронавирус инфекциясы анықталды. 5 қазандағы жағдай бойынша елімізде 138 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, оның ішінде 52 оқушы кезекші сыныпта ауру жұқтырса, 86 оқушы қашықтан оқу барысында жұқтырған. Тағы бір жағдай мектеп-интернатта анықталды. Онымен байланыста болғандар анықталды, олар 14 күндік карантинде болады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. 

Оның айтуынша, 7 қазандағы жағдай бойынша 74 баладан коронавирус анықталды. Олар 1 айлық және 18 жас аралығындағы балалар. 

«Коронавируспен ауырған балалар көбінесе ШҚО-да, СҚО-да және Павлодар облысында тіркелді. 9 бала ауруханаға жатқызылды. Жалпы алғанда 32 балада ауру симптомсыз өтіп жатыр. 31 балада ауру өте жеңіл түрде өтуде. 8 балада орташа ауыр деңгейде өтіп жатыр. 1 балада бактерия сипатты пневмония анықталды. Барлығы 46 оқушы бақылауда. 3 бала балабақшаның кезекші топтарында болған», - дейді ол.