31 там, 2021 сағат 21:35

Ковидпен ауырғандар дәрі-дәрмекті көп ішудің қажеті жоқ - алматылық дәрігер


Алматыдағы №4 Қалалық клиникалық аурухананың №2 Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Сауранбаева коронавирусты жеңу жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, біріншіден, сенім, медицина мен халықтың өзара сенімі, қоғамдық сана мен вакцинация болғаны дұрыс. 

«Мен өз тәжірибемнен айтайын: мен де коронавирусты басымнан өткіздім, маған орташа ауыр деңгейде өтті, өкпенің зақымдануы 32% болды. Біздің емделушілеріміз қазір не сезінетіндерін жақсы түсінемін. Бірақ, мен позитивті болдым, күн сайын таңертең тұрып, палатада жүруге өз-өзімді мәжбүрледім. Мүмкіндік бар кезде жүріңіз, кішкене 10 қадамнан бастаңыз. Барлық сүйікті өлеңдер мен әндерді еске түсіріп, айтыңыз – бұл тыныс алу гимнастикасы. Бірақ, белсенді физикалық жаттығуларға бармаңыз» - деді ол. 

Дәрігер бұл жағдайда адам ағзасының барлық мүшелері сау, тек ең кішкентай капиллярлардан бастап, үлкен тамырларға дейінгі әртүрлі калибрлердің тамырлары зардап шегетінін айтты. 

«Сондай-ақ, ораушы жүйесі де зардап шегеді, сондықтан аурудың өзіне сабырмен қарап, дәрігер ұсынған, тағайындаған алдын-алу және емдеу шараларын жүргізуді сұраймын» - деді дәрігер. 

Дәрігерлер жасаған тәжірибелердің бірі - ковидпен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмектерді көп енгізудің қажеті жоқ. Бұл жерде тамырлар зардап шегеді, сондықтан иммундық жүйеге аз әсер етіп, тамырлардың эндотелий қабырғасына аз зақым келтіргенде, науқас тезірек қалпына келеді. 

«Науқастарға литрлермен дәрілер құйылмайды, олар «бос« жатыр деген пікір дұрыс емес. Әр адам аурудың ауырлық деңгейіне байланысты дәрінің тиісті дозасын алады», - деп нақтылады Сәуле Сауранбаева.