© Photo: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әрі қарай да қолдау көрсетеді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" өз тарапынан 10 жылдық жалақыны төледі, ол сома 3 млрд теңгеден асып отыр. Компаниядан осынша қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 44 отбасы көмекті алды, қалған 2 азаматтың құжаттары реттеліп жатыр.
Несие бойынша айтар болсақ, қаза тапқан кеншілердің, жұбайларының, ата-аналары мен балаларының 300 млн теңге көлеміндегі несиелері өтелді. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Жерлеу, мазарын көтеру және тағы басқа жұмыстарына "АрселорМиттал" төлеп жатыр, - деді облыс әкімі ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте.
Сондай-ақ Бөлекпаев қазір зардап шеккен төрт адам медициналық мекемелерде ем алып жатқанын атап өтті.
"Дәрігерлер олардың жағдайын орташа және жеңіл деп бағалайды. Пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр, - деді ол.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан 46 адам қайтыс болған еді.