Қостанай облысы шаруа қожалықтарының басшыларынан 1 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Азамат Н.Тілеубаев С.Сүлейменовпен және А.Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Қостанай облысы Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалықтарының басшыларына бидай мен арпаны сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру схемасын жасаған", - дейді агенттік өкілдері.
Н.Тілеубаев және директор А.Шәмшадинов "Зерновой Пул Казахстана-К" ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасты.
