Фото: REUTERS
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар қаңтар оқиғасын тергеуді бақылауда ұстайтынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
"Мәжілісте қаңтар оқиғасын тергеудің алдын ала қорытындысын естідік. Әрине, бұл мәселені талқылауды жалғастырамыз. Бұл мәселені депутаттар өз бақылауында ұстайды. Алдағы жылдың басында біз бұл мәселені қайта қараймыз", - деп уәде берді Қошанов Мәжіліс отырысында.
Ол биылғы жылы депутаттар республика өңірлеріне белсенді түрде барғанын айтты.
"Биыл біз Мәжіліс жанындағы қоғамдық қабылдау мен қоғамдық палата жұмысын бастадық. Осының барлығы Мәжілістің ашықтығын көрсетеді", - деді ол.