Сот «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Қаныш Нұртазиновты өлтірді деген күдікпен ұсталған Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғынын екі айға қамау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
«Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотының 2019 жылғы шілденің 25-гі қаулысымен «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторын өлтірді деген күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция қолданды», деп айтты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық тергеу органдары күдіктінінің үстінен ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлігі 2 бөлімшесі бойынша (адам өлтіру) іс қозғап отыр.
Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылғы шілденің 23-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Қаныш Нұртазинов браконьерлердің қолынан қаза болған еді. Ал, оның әріптесі Самат Оспанов жараланып ауруханаға түсті. Кейін жедел іздестіру шарасы кезінде осы қылмысқа күдікті Арқалық қаласының 45 және 20 жастағы тұрғындары ұсталған болатын.