06 сәу, 2021 сағат 07:54

Коронавирустың жаңа штамдары қаншалықты қауіпті?

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдарының қаупі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, британдық штамм әлемнің 130, онтүстікафрикалық штамм 80 және бразилиялық штам 45 елінде анықталды. Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз республка аумағында айналымда жүрген КВИ штамдарын генетикалық зерделеуді тұрақты негізе жүргізіп жатырмыз. Мәселен, наурызда республика аумағында британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымы анықталды», - деді ол. 

Министрдің атап өтуінше, таяуда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, коронавирустың британдық штаммы бастапқы штаммға қарағанда қауіпті. Оны жұқтырған адамдардың аурухана жатуы көбірек кездеседі әрі өлім-жітім қаупі де жоғары болып отыр, 

«Бразилиялық штамм өлім-жітімге көп әкеле бермейді. Дегенмен, ол COVID-19-дың бастапқы штамына қарағанда жеңіл таралады. Сонымен қатар коронавирустың британдық штамы өткен жылғы штамен салыстырғанда 1,7 есе, оңтүстікафрикалық штамға қарағанда, 1,5 есе, ал бразилиялық штаммға қарағанда 2 есе жылдам таралады. Бұған қоса, репродуктивтілік саны 1,1-ден 1,9-ға дейін артуы мүмкін. Бұл аталған штаммдардың біртіндеп басым бола түсуіне алып келеді», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар ол Үкіметтің 2020 жылдан бастап қабылдаған шектеу іс-шаралары 6 ай бойы вирустың жаңа штаммдарының елімізге әкелінуіне тосқауыл бола алды. 

«Жаңа штаммдарды мониторингілеу жалғасуда», - деді ол.