Елімізде коронавирустың өршуіне жаңа штамдар түрткі болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Науқастану өсімі британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты болып отыр. Осыған орай өңір әкімдері инфекциялық төсек-орындармен және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің мобильді бригадаларымен қамтамасыз ету бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауы қажет», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар ол сәуір айында ПТР тестілеу санының артқанын айтады.
«Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде тестілеудің тәуліктік санының 57 мың зерттеуге дейін артқаны байқалады. Бұл қолданыстағы зертханалардың тәуліктің қуатының 50 пайызын құрайды және ақпанмен салыстырғанда 1,6 есе артық», - деді Алексей Цой.