14 қаң, 2022 сағат 08:30

Коронавирустен емделіп жатқан 208 адамның жағдайы ауыр - ДСМ


14 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 44 794 адам коронавирус инфекциясынан (–43 075+ және 1 719 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 4 495 пациент стационарда, 40 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 208 адамның жағдайы ауыр, 

• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.