18 сәу, 2020 сағат 10:46

Коронавирустан жазылып шыққандар саны 354-ке жетті

Қазақстанда коронавирус індетінен жазылғандар саны 354-ке жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

18 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Қызылорда облысында - 2 адам.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 354-ке жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 172

Алматы қаласы – 79

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 16

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 16

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 5

Қызылорда облысы – 19

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 8

Түркістан облысы – 7

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавируске шалдыққандардың жалпы саны 1593-ке жетті. Қайтыс болғандар - 17 адам.