Фото: Tengrinews.kz
10 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 22 064 адам коронавирус инфекциясынан (20 217 КВИ+ және 1 847 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Оның ішінде: 3 001 пациент стационарда, 19 063 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
186 адамның жағдайы ауыр,
57 пациенттің жағдайы өте ауыр,
38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 10 қаңтардағы дерек бойынша, елімізде 8,5 млн-нан астам адам вакцинаны толық салдырған.
