01 жел, 2021 сағат 09:15

Коронавирустан ем алып жатқан 366 адамның жағдайы ауыр - ДСМ


1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде 25 694 адам коронавирус инфекциясынан (–22 206+ және 3 488 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 395 пациент - стационарда, 20 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 366 адамның жағдайы ауыр, 

• 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу туралы 1 желтоқсандағы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін - 8 743 107 адам, 2-ші компонентін 8 105 460 адам салдырған.