11 қаз, 2021 сағат 14:15

Коронавируспен күрес: Медқызметкерлерге 116 млрд теңге үстемақы төленді


Коронавируспен күреске жұмылдырылған мамандарға 116 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемияға қаршы іс-шараларға жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге материалдық көмек жасалды. КВИ-мен күреске тікелей тартылған тәуекелдің үш тобы бойынша 116 млрд теңге сомасында үстемақы төленді», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында. 

Оның айтуынша, 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30 пайызға, орта медицина жұмыскерлерінің жалақысы 20 пайызға артты.