06 сәу, 2021 сағат 08:33

Коронавируспен күрес: қосымша 14,5 млн шприц сатып алынбақ

Қосымша 14,5 млн шприц сатып алынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылдың ақпанында ведомствоаралық комиссияның шешімімен COVID-19-ға қарсы халықты иммундаудың кешенді жоспары бекітілді. Вакцинаны өндіру және жеткізу GMP мен GDP барлық стандарттарын, сонымен қатар «суық тізбекті» сақтай отырып жүргізілуде», - деді Алексей Цой. 

Оның атап өтуінше, КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды. 600-ден астам вакцинациялау кабинеті, 800 тоңазытқыш ,fмен 3 мың термоконтейнер дайындалды. Наурыз айының соңына дейін 300 мың азаматқа вакцинация қолжетімді болды және 11,3 млн шприц сатып алынды. 

«Жоғарыда айтылған вакцинаның қосымша жеткізіліміне және егу пункттерін ашу қажеттілігіне орай біз тағы 14,5 млн дана шприц сатып алу жұмысын жүргізіп жатырмыз», - деді министр.