21 сәу, 2021 сағат 13:51

Коронавируспен ауырғандардың 58 пайызы үш өңірге тиесілі

Коронавируспен сырқаттанушылықтың 58 пайызы 3 өңірге тиесілі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Наурыз айымен салыстырғанда сәуір айында сырқаттанушылықтың өсуі Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде байқалады. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 58 пайызы 3 өңірге, атап айтқанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Оның атап өтуінше, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық өңірлерде әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу өлшемшарттарына сәйкес қосымша шектеу шаралары қабылдануда.