29 сәу, 2020 сағат 06:44

Коронавирусқа шалдыққан 7 пациент жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 7 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Пациенттердің екеуі - Алматы қаласында, біреуі - Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі - Қызылорда облысында, біреуі - Батыс Қазақстан облысында және біреуі - Атырау облысында. 

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда барлығы 50 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.