05 жел, 2021 сағат 10:30

Коронавирусқа шалдыққан 363 науқастың жағдайы ауыр - ДСМ


Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

5 қарашадағы дерек бойынша елімізде 24 325 адам коронавирус инфекциясынан (21 096 КВИ+ және 3 229 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 882 пациент - стационарда, 19 443 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 363 адамның жағдайы ауыр, 

– 96 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 61 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.