04 жел, 2021 сағат 10:11

Коронавирусқа шалдыққан 349 науқастың жағдайы ауыр - министрлік


Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

4 қарашадағы ақпарат бойынша елімізде 24 326 адам коронавирус инфекциясынан (–21 013+ және 3 313 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 994 пациент стационарда, 19 332 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

349 адамның жағдайы ауыр, 

96 пациенттің жағдайы өте ауыр,

60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, осы күнгі ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда 8 771 142 адам вакцинаның I компонентін салдырса, 8 166 067 адам II компонентпен де егілген.