11 қыр, 2020 сағат 13:38

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың 94 пайызы жазылып шықты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтыру бойынша статистикалық деректерді келтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Оның ішінде жазылып шығу көрсеткіші 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті. Соңғы бір тәулікте 161 адам індеттен айықты. Қайтыс болғандардың жалпы саны 1 656-ға жетті», - деді ресми өкіл бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Қазіргі уақытта 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 34 бала бар. 

Соңғы бір тәулікте елімізді COVID-19-ды 77 адам жұқтырған. 

«Коронавирусқа ұқсас белгілері бар, бірақ ПТР сынағының нәтижесі теріс шыққан 28 928 жағдай тіркелді. Оның ішінде 6 642 науқас емделіп шықты. Соңғы бір тәулікте 353 науқас тіркелді. ПТР сынағы теріс болған адамдар арасында 318 адам қайтыс болды», - деді Бағдат Қожахметов.