Елімізде коронавирус жұқтырған 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
27 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 183 адам коронавирус инфекциясынан (–23 487+ және 3 696 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 5 691 пациент - стационарда, 21 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 413 адамның жағдайы ауыр,
• 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 27 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанда I компонентпен - 8 704 029, II компонентпен 8 042 531 адам вакцина салдырған.
