20 там, 2020 сағат 07:42

Коронавирус жұқтырған 350 адамның жағдайы ауыр – министрлік

20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 16 мыңға жуық адам коронавирустан емін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 350 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 100 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам - симптомсыз тасымалдаушы. Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты. 

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 787 адамнан анықталды. 19 тамыз күні бұл диагноздан 6 қайтыс болды. 

Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас жазылcа, 1415 науқас қайтыс болды.