14 желтоқсандағы мәлімет бойынша елімізде 20 858 адам коронавирус инфекциясынан (–18 099+ және 2 759 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Олардың ішінде 3 974 пациент - стационарда, 16 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 321 адамның жағдайы ауыр,
• 82 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 62 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 14 желтоқсандағы дерекке сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін - 8 865 173 адам, 2-ші компонентін 8 307 373 адам салдырған.
Ал, «Pfizer» вакцинасының І-ші компонентімен 150 669 жасөспірім, 11 161 жүкті әйел, 27 076 бала емізетін әйел, ІІ-ші компонентімен 14 342 жасөспірім, 1 461 жүкті әйел, 3 583 бала емізетін әйел егілді.
