03 мау, 2021 сағат 11:16

Коронавирус жұқтырған 101 алматылық жансақтау бөлімінде жатыр


Алматыда коронавирус жұқтырған 1371 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 203 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 158, симптомсыз – 45 науқас тіркелді. 

Барлық емделіп шығарылғандар – 161, келіп түскені – 109.

Инфекциялық стационарларда 1371 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 680), оның ішінде 50 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 101 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 43 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 547 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 321 науқас. 226 адамда коронавирус белгілері жоқ.