Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсан айына арналған коронавирус бойынша жаңа болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың өршуі аясында коронавирус жұқтыру саны артуы мүмкін.
«Қазір ЖРВИ және тұмаумен аурып жатқандар саны артты. Жағдай тұрақсыз. Осының аясында коронавирус инфекциясының өршу қаупі сақталады. Бізде екпе алмаған азаматар бар. Дәл осы тұрғындар желтоқсанда дерттің өсуін тудыруы мүмкін. Сондықтан қазір белсенді түрде вакцина салдыру керек», - деді ол.
Өткен аптада Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда Жаңа жыл қарсаңында күніне 600 адам вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.
