Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте (15 қаңтар) Қазақстанда коронавирус жұқтырған 972 кісі, ал оған ұқсас пневмониямен 71 кісі тіркелді, 11 адам Covid-тен, бір адам соған ұқсас пневмониядан көз жұмды.
Денсаулық министрлігі коронавирустың аймақтар бойынша статитистикасын күн сайын жариялайды, бірақ Covid-ке ұқсас пневмония бойынша мұндай мәлімет бермейді.
Елдің ең ірі екі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен тәулікте дерті ПТР тестімен нақтылғанған 121 кісіден тіркелген.
Аймақтар арасында Павлодар облысы алда келеді. Ресеймен шекаралас бұл облыста 15 қаңтарда коронавируспен 110 адам тіркелген. Елдің батысындағы мұнай өндіретін, бұл да Ресеймен көрші жатқан Атырау облысы екінші орында, мұнда 91 адамнан вирус анықталған.
Ірі қала – Алматыны қоршап жатқан Алматы облысында 89 науқас, ал астана маңындағы Ақмола облысында — 78 науқас тіркелді.
Қостанай облысында — 73, Солтүстік Қазақстанда — 53, Шығыс Қазақстанда — 52, Қарағанды облысында — 50, Батыс Қазақстанда — 49, в Түркістан облысында — 26, Жамбыл облысында — 20, Шымкентте — 17, Қызылорда облысында — сегіз, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында — жеті науқастан тіркелді.
Қазақстанда коронавируспен тіркелгендердің ресми саны 167 118 адамға жетті.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабымен Covid анализдермен анықталмаған, бірақ симптомдары соған ұқсас адамдардың статистикасын 1 тамыздан жүргізе бастады. Содан бері елде "ковид тектес" пневмониямен 46 737 адам тіркелді, 534 адам бұл індеттен қайтыс болды.
Денсаулық министрлігінің мәліметі бойынша, былтырғы наурыз айынан бері Қазақстанда Covid-тен 2 397 адам көз жұмған.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 065 адам короновирус инфекциясынан (12 284 КВИ+ және 11 781 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 145 пациент стационарда, 17 920 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 290 адамның жағдайы ауыр;
- 70 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.