21 мау, 2021 сағат 11:10

Коронавирус: Шымкент қаласы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті


Денсаулық сақтау министрлігі 21 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. ⠀

Ал «жасыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.