05 жел, 2020 сағат 07:15

Коронавирус пен соған ұқсас пневмониямен бір тәулікте 992 адам тіркелді

Өткен тәулікте (4 желтоқсан) Қазақстанда коронавирус және соған ұқсас пневмониямен 992 адам тіркелді. Оның ішінде ПТР тестімен нақтыланған - 792 адам, ал Сovid тәрізді пневмониямен ауырған - 200 адам бар. Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші:

Шығыс Қазақстан облысы - 131

Павлодар облысы - 112

Қостанай облысы - 87

Солтүстік Қазақстан облысы - 84

Нұр-Сұлтан – 80

Ақмола облысы - 77

Алматы - 63

Алматы облысы - 40

Батыс Қазақстан облысы - 39

Қарағанды облысы - 26

Атырау облысы – 18

Жамбыл облысы - 16

Ақтөбе облысы - 9

Шымкент - 5

Түркістан облысы - 4

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 0.

Пневмония бойынша аймақтардың көрсеткіші жарияланған жоқ. 

Ресми дерек бойынша, жалпы Қазақстанда осыған дейін 135 498 адам коронавирус инфекциясымен, 42 880 адам соған ұқсас пневмониямен тіркелді. 

Covid инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда Covid пен пневмониядан 836 кісі жазылған.

23-29 қараша аралығында коронавирус инфекциясынан елде 44 кісі көз жұмған. Нұр-Cұлтанда 6, Алматыда – 8, Шығыс Қазақстан облысында – 11, Батыс Қазақстанда – 6, Шығыс Қазақстанда – 5 адам қайтыс болған. Ресми дерек бойынша, індет басталғалы 2034 адам осы инфекциядан, ал 450 кісі пневмониядан қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, 5 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 979 бала ем алуда.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 008 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 979 бала бар. Стационарларда 3 630 науқас жатыр. 10 378 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы, науқастардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 41 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік хабарламасында.