07 жел, 2020 сағат 06:00

Коронавирус пен пневмония: Бір күнде 745 науқас анықталды

6 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 712 адам анықталды, 33 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. ПТР-тест нәтижесі оң шыққан науқастар арасында бір күнде 9 адам өлімі тіркелді.

Өткен тәулікте Павлодар облысында - 106, Шығыс Қазақстан облысында 100 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Осыған дейін ШҚО бірнеше апта бойы коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша алда келген еді. Жексенбі күні Қостанай облысында - 77, Нұр-Сұлтанда - 67, Ақмола облысында - 60, Батыс Қазақстан облысында - 43, Атырау облысында - 29, Қарағанды және Алматы облыстарында әрқайсында - 28, Жамбыл облысында - 16, Ақтөбе облысында - 10, Маңғыстау облысында - 5, Түркістан облысында - 4, Қызылорда облысында - 2, Шымкент қаласында 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ал, 1 тамыздан бері 43 106 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 31 мыңға жуығы жазылған, 454 адам қайтыс болған.

Наурыз айынан бері 136 983 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Осы уақыт аралығында ПТР-тест нәтижесі оң көрсеткен науқастар арасында 2088 адам өлімі тіркелген. Наурыздан бері 120 799 адам жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 14 096 адам ем қабылдап жатыр.

«Осы уақытта еліміздегі стационарларда 3 687 науқас бар, 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 241 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 39 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.