21 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 739 адам анықталды, 190 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 6 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.
Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтанда тіркелді. Дүйсенбі күні мұнда 106 адамның ПТР-тесті оң шыққан. Алматы қаласында - 80, Шығыс Қазақстан облысында - 75, Павлодар облысында - 68, Қостанай облысында - 65, Атырау облысында - 62, Солтүстік Қазақстан облысында - 62, Батыс Қазақстан облысында - 45, Алматы облысында - 40, Қарағанды облысында - 34, Маңғыстау облысында - 17, Жамбыл облысында - 10, Шымкент қаласында - 5, Ақтөбе облысында - 5, Түркістан облысында - 5, Қызылорда облысында 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері 147 975 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 132 427 адам жазылды. 2 200 адам қайтыс болды.
Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 21 желтоқсанға дейін 44 604 адам шалдыққан, 479-ы қайтыс болған.