30 сәу, 2020 сағат 07:00

Коронавирус пен өзге аурулардан болған өлім-жітімнің статистикасы бөлек жүргізіледі

Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітімнің статистикасы бөлек жүргізіледі, - деп хабарлайды Мемкомиссияның шұғыл штабы.

Егер науқастар инсульттан немесе басқа да ауыр аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді.

«Қазіргі уақытта елімізде осындай 25 жағдай анықталды. Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады» делінген хабарламада.