26 сәу, 2021 сағат 07:52

Коронавирус: Павлодар облысы «қызыл» аймаққа енді


Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

26 сәуірдегі мәлімет бойынша: 

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр. 
«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары орналасқан. 
«Жасыл аймаққа»: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. 


Айта кетейік, 25 сәуірдегі бағалау матрицасында Павлодар облысы - «сары», Шымкент қаласы «қызыл» аймақта тұрған еді.