8 қаңтар күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавируспен 843 науқас, төрт өлім, ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясымен 28 науқас, үш өлім тіркелді.
ПТР тестімен расталған коронавирустың тәулік дерегі бойынша, аймақтар арасында Алматы қаласы бірінші орында. Қалада бір күнде 135 науқас тіркелген. Бұл – қыркүйектен бергі ең жоғары көрсеткіш. Қалада вирус жұқтырғаны расталғандар саны осымен 19,4 мыңға жетіп отыр. Оның 17,8 мыңы жазылып шыққан, 398-і қайтыс болған.
Бір күн ішінде тіркелген Covid науқастарының жүзден асқан аймақтардың қатарында Павлодар облысы да бар. Онда өткен тәулікте 114 науқас анықталған. Облыста қараша айының соңында күн сайын осыған шамалар науқас тіркеліп, кейіннен көрсеткіш аздап төмендеген. Облыста барлығы 9779 адамның коронавирус жұқтырғаны расталып отыр. Оның 8390-ы жазылып шыққан, 87-сі қайтыс болған.
Қалған аймақтар бойынша жағдай мынадай:
Шығыс Қазақстан облысында - 19219 (+47),
Нұр-Сұлтан қаласында -19159 (+70),
Атырау облысында – 14265 (+92),
Қарағанды облысында – 12371 (+38),
Павлодар облысында – 9779 (+114),
Батыс Қазақстан облысында – 9531 (+49),
Солтүстік Қазақстан облысында – 9079 (+55),
Қостанай облысында – 8041 (+64),
Ақмола облысында – 7716 (+58),
Алматы облысында – 7531 (+55),
Шымкент қаласында -5570 (+15),
Жамбыл облысында – 5112 (+18),
Маңғыстау облысында – 3790 (+11),
Ақтөбе облысында -3744 (+3),
Түркістан облысында – 3750 (+13),
Қызылорда облысында -3435 (+6).
Өткен тәулікте ПТР тестімен расталған коронавирус науқастарының 751-і жазылып шықты. Осымен 13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталғандар саны 161,5 мыңға, аурудан жазылғандар 148,3 мыңға жетті, 2319 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғаны расталған бірақ Covid өлімі жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмаған жүздеген адам бар. Билік оларды "ілеспе аурудан қайтыс болды" деп санайды.
Есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясының дерегі аймақ бойынша жарияланбайды.
Тамыздың басынан бері пневмонияның бұл түрі 46,2 мың адамнан анықталып, оның 33,6 мыңы жазылған, 522-сі қайтыс болған.
9 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 5 383 пациент - стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.