26 ақп, 2020 сағат 12:00

Коронавирус өршіген елдерде қанша қазақстандық жүр?

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус өршіген елдерде қанша қазақстандық жүргенін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Сыртқы істер министрлігі коронавирус ауруы өршіген мемлекеттерде қанша қазақстандықтың жүргенін хабарлады. Қолдағы мәліметке сәйкес, Оңтүстік Кореяда - 34 мың, Жапонияда - 180, Иранда - 170-ке жуық қазақстандық бар», - деді бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Ж. Бекшин коронавирус бойынша аса қауіпті мемлекеттерден келген қазақстандықтардың үй карантиніне оқшауланатынын хабарлаған еді. Бұл тізімге Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран, Гонконг, Макао, Тайвань енген.

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін шектейді .