25 сәу, 2020 сағат 20:01

Коронавирус: Өлім жағдайын зерттеу жөнінде комиссиялар құрылды

Қазақстанда коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды.

Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді.

Сондай-ақ, Арқалықта үйінде қайтыс болған 84 жастағы науқасқа қатысты талдау жұмыстары 27 сәуірде жүргізіледі.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша науқас өлімінің тікелей себебі анықталады.

Бүгінде науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған.

Талдау нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады.