22 қаң, 2021 сағат 07:30

COVID-19: Нұр-Сұлтанмен қатар 6 облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 22 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

22 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Ал «сары» аймақта Қарағанды, Алматы облысы мен Алматы қаласы бар.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.