11 жел, 2021 сағат 09:58

Коронавирус: «Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ


11 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта қазір ешқандай облыс жоқ. 

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Жасыл» аймақта - Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.