Қытайдың Сиань қаласының билігі коронавирустың таралуына байланысты қатаң карантин енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Әкімшіліктің бұйрығымен қаланың барлық тұрғындары үйде болуы тиіс. Екі күнде бір рет бірінші кезекте қажет тауарларды сатып алу үшін әр үйден бір адамды жібере алады. Сондай-ақ үйден тек төтенше жағдайлар кезінде шығуға рұқсат етіледі.
Тез таралатын «омикрон» штамының әсерінен ДДҰ бүкіл әлемдегі адамдарды Рождестволық және жаңажылдық жоспарлардан бас тартуға және мерекелерді кейінге қалдыруға шақырды.
Сербияда ресейлік «Спутник V» препараты коронавирустың «омикрон» штамына қарсы ең тиімді вакцина деп танылды. Препараттың бустерлік дозасын алғаннан кейін мутацияға қарсы күтілетін тиімділік 80% - дан жоғары болуы мүмкін.
