Қытайда өтетін Токио Олимпиадасына жолдама сарапқа салынатын тағы бір дода басқа елге ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қытай таеквондо одағы коронавирустың таралуына байланысты 10-12 сәуір күндері Уси қаласында өтетін лицензиялық турнирді кейінге шегерген.
Алайда Халықаралық таеквондо федерациясы Қытайдың Уси қаласында өтетін лицензиялық турнирді басқа елде өткізуге шешім қабылдаған.
Аталған жарысты өткізуге бірқанша қала үміткер болып, нәтижесінде электронды дауыс беру қорытындысы бойынша Иорданияның Амман қаласы құрлықтық іріктеу турнирін қабылдайтын қала болып қабылданды.
Халықаралық таеквондо федерациясы хабарлағандай, іріктеу турнирінің өтетін орны өзгергенімен уақыты бұрынғыдай 10-12 сәуір күндері болып қала бермек.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирін Қытайдың Ухань қаласынан Амман қаласына ауыстырғанын хабарлаған болатынбыз.