Қытайда коронавирус инфекциясы жұққан науқастардың 93%-дан астамы ауруынан айыққан, - деп хабарлайды Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы.
Қазіргі уақытта бұл елде сырттан келген және жергілікті жерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 82 798-ді құраған, оның 77 207-сі емделіп, ауруханадан шығарылған. Бұл жалпы науқастар санының 93,2%-ын құрайды. Ауруханаларда шамамен 1 мың емделуші қалған.
ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 93,2%-ы сауығып, 5,59%-ы қайтыс болған.