Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 сәуір таңертеңгі сағат 9.25-те тағы 30 адамнан вирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 2, Қостанай облысында - 7, Маңғыстай облысында - 2, Павлодар облысында - 3, Жамбыл облысында - 6, Батыс Қазақстан облысында 2 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2025 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 680
- Нұр-Сұлтан қаласы – 401
- Қызылорда облысы – 151
- Қарағанды облысы – 101
- Ақмола облысы – 83
- Атырау облысы – 82
- Түркістан облысы – 66
- Жамбыл облысы – 76
- Шымкент қаласы – 103
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Алматы облысы – 55
- Батыс Қазақстан облысы – 72
- Ақтөбе облысы – 27
- Маңғыстау облысы – 16
- Павлодар облысы – 37
- Шығыс Қазақстан облысы –11
- Қостанай облысы – 34
489 адам COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 500-ден астамы - дәрігер.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.