Қазақстанда тағы да 97 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, барлығы 449 адам жазылды. Ақпаратты төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның жедел штабы жариялады.
Алматы қаласында – 62, Қарағанды облысында – алты, Түркістан облысында – бес, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында төрт адамнан табылған. Шығыс Қазақстан облысында үш адамнан, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысынан екі, Маңғыстау облысынан бір адамнан коронавирус инфекциясы шыққан.
Қазақстанда барлығы 1 949 адам коронавирус жұқтырған.
Алматы – 668,
Нұр-Сұлтан – 390,
Қызылорда облысы – 151,
Қарағанды облысы – 99,
Шымкент қаласы – 92,
Ақмола облысы – 82,
Атырау облысы – 80,
Батыс Қазақстан облысы – 68,
Жамбыл облысы – 65,
Түркістан облысы – 65,
Алматы облысы – 50,
Павлодар облысы – 33,
Солтүстік Қазақстан облысы– 30,
Ақтөбе облысы– 27,
Қостанай облысы– 25,
Маңғыстау облысы – 13,
Шығыс Қазақстан облысы – 11.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 449 адам жазылып, 19 адам қайтыс болған.